ҚР КМ АЖК «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» 2019 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен 16 облыстық жол зертханасын біріктіру жолымен құрылды. Кәсіпорынның мақсаты автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау кезіндегі жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жасау, сондай-ақ жол активтерін басқару.
Кәсіпорынның еліміздің әр аймағы мен Республикалық маңызы бар қалаларда 20 филиалы, сондай-ақ ISO 17025 стандарты мен ILAC зертханаларын аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымның талаптарына сәйкес аккредиттелген 16 сынақ зертханасы бар.
2019-2024 жылдар аралығында ЖАСҰО 59 000 мыңнан астам инспекциялық шығу жүргізді. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда шамамен 141700-ге жуық жол-құрылыс материалдары сынамасы алынды. Осы жылдың басынан бастап сапа орталығы 1,5 мыңнан астам инспекциялық шығу жүргізіп, жол-құрылыс материалдарының 2 мың сынамасын іріктеп алып сынады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша 11,4 мың инспекциялық шығу жүзеге асырылды, 40,3 мың жол-құрылыс материалдары сынамасы іріктеліп, сыналды. ЖАСҰО ұсынған тұжырымдамалары нәтижесінде мердігер ұйымдар өз қаражаты есебінен 4,1 млрд.теңгенің жұмысын қайта жасады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында зертханалық сынақтар жүргізу кезінде процестерді цифрландыруға көшу бойынша жұмыс жүргізілуде. ЖАСҰО жобаларының бірі - "KazRoadLab", ол жұмыс жүргізілетін жерде деректерді жинауды жүзеге асыруға және нақты уақыт режимінде орындалған жұмыстар актілерін толтыруға, сынақ нәтижелері туралы деректерді енгізуге, актілерге суреттерді түсіруге және тіркеуге, сараптама нәтижелерін орталық порталға мобильді құрылғылардан жіберуге мүмкіндік береді. ЖҚМ сынамаларын QR сканерлеу таңдалған сынамаларды тиімді бақылауға және белгілеуге мүмкіндік береді. Ведомстволық сараптама порталы жұмыс процесін жеңілдетеді және жол жобаларындағы техникалық кемшіліктер мен тәуекелдерді жедел және сенімді анықтауға мүмкіндік береді.