7 мыңнан астам адам су басқан аймақтардан жолаушылар пойыздарымен шығарылды
Су басқан аймақтардан жолаушылар пойыздарымен барлығы Қарағанды облысы бойынша – 250–ге жуық адам, Атырау облысы бойынша-6,8 мыңнан астам адам шығарылды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Компанияның хабарлауынша Балқаш қаласының тұрғындарын тасымалдау үшін «Балқаш-Қарағанды» қатынасындағы №606/605 пойызға бір реттік пойыздар мен қосымша вагондар енгізілді.
Атырау облысының тұрғындарын тасымалдау үшін «Атырау-Құлсары-Мақат» және «Атырау-Құлсары-Маңғыстау» бағыттары бойынша бір реттік пойыздардың жүруі ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта 20 рейс бойынша тұрғындарды тасымалдау жүргізілді.
Сондай-ақ, ұлттық тасымалдаушы су тасқынына қарсы шараларға қатысатын әскери қызметшілерді, құтқарушыларды тасымалдауға жедел көмек көрсетуде.