Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Балаева Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды.
Еңбек жолы:
1999-2002 жылдары – Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы;
2002-2004 жылдары – Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы Талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы;
2004 жылы – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы Талдау және болжау бөлімінің бастығы болды;
2004-2005 жылдары – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары;
2005-2006 жылдары – Алматы қаласынның ішкі саясат департаменті директорының орынбасары;
2006-2008 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры;
2008-2010 жылдары – Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы.
2010-2014 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.
2014-2019 жылдары – Президент әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
2019-2020 жылдары – ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігі Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.
2020-2022 жылдары – Ақпарат және қоғамдық даму министрі.
2022-2023 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.
2023 жылғы 2 қыркүйектен бастап – ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Мәдениет және ақпарат министрі.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
7,9 млрд теңге жымқыру ісі: құрылыс компаниясының қызметкерлері ұсталды
- 01 желтоқсан, 2025





