Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алатау қаласына 10 трлн теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланып отыр

Алатау қаласына 10 трлн теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланып отыр

Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы облысына жұмыс сапары барысында Алатау қаласында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалардың барысымен танысты.

Үкіметтің мәліметінше, 2050 жылға дейін Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 10,4 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту көзделген. Оның 3,1 трлн теңгесі 2030 жылға дейін игеріледі. Қазіргі таңда жалпы құны 1,5 трлн теңге болатын 32 инвестициялық жоба қалыптастырылған, оның 20-сы іске асырылу сатысында.

Олжас Бектенов PepsiCo Central Asia және Mars Petcare Kazakhstan жобаларымен танысты, сондай-ақ $800 млн-нан астам инвестиция көзделген Iconic Towers кешенінің құрылыс барысын қарады.

Алатау қаласының дамуына байланысты өңірде электр энергиясына сұраныс артып отыр. Осыған байланысты 15 жаңа қосалқы станса салу және тағы 11 нысанды реконструкциялау жоспарланған.

Премьер-министр инфрақұрылымды дамыту инвестор тартудың негізгі шарты екенін атап өтіп, жергілікті билікке қаланы дамыту жұмыстарын жеделдету тапсырмасын берді.

Ұқсас материалдар