Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматылық аритмологтар ресейлік профессормен бірге 30-дан астам күрделі ота жасайды

Алматылық аритмологтар ресейлік профессормен бірге 30-дан астам күрделі ота жасайды

11-15 наурыз аралығында Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да профессор, РҒА академигі, м.ғ.д. Сергей Артеменконың жетекшілігімен 30-дан астам күрделі «зергерлік» операциялар жасалады. Бұл туралы КІАҒЗИ баспасөз қызметі хабарлады.

 «Біз алыс және жақын шетелдердің көптеген медициналық орталықтарымен және клиникаларымен ынтымақтастықтамыз. Жетекші ресейлік маманмен бірлескен операциялар жүргізе отырып, ҒЗИ дәрігерлері үлкен тәжірибе алуда. Сергей Николаевич жүрекше фибрилляциясы бар емделушілерде радиожиілікті катетерлік абляция процедурасының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдіснамалық тәсілдерді әзірледі. Бұл әдістер халықаралық және ұлттық клиникалық ұсыныстарға енгізілді. Профессор Артеменкоға операцияларды кәсіби қолдағаны үшін алғысымды білдіргім келеді», - дейді институттың басқарма төрағасы Марат Пашимов.

Радиожиілік катетерлік абляция жүрекке ең күрделі жоғары технологиялық операцияларды жасауға мүмкіндік беретін үш өлшемді навигациялық картаға түсірудің озық жүйелерін пайдалана отырып жүргізіледі. Осылайша адамдардың өмірін құтқарады, оларды толыққанды өмірге қайтарады. Бұл жүйе Алматыда тек КІА ҒЗИ-да ғана бар.

Аптаның соңына дейін жүрекшелер фибрилляциясы және басқа да күрделі  эктопикалық ошақтары бар науқастарға ота жасалады. Еліміздің басқа клиникаларында бірнеше рет қайталап ота жасалған науқастар бар.

Профессор Артеменконың айтуынша, осының барлығының институтта болуының арқасында қазақстандық әріптестер ең күрделі операциялар жасай алады. 3D технологиялары аритмияның көзін – жүректің басқа тіндеріне зақым келтірместен патологиялық ошақты 1 миллиметрге дейін табуға көмектеседі. Науқас толығымен қалпына келеді, нәтиже операция кезінде көрінеді.

Ұқсас материалдар