Қазақстанда алтын бағасы өсіп келеді. Қазақстан Ұлттық банкі мәліметінше, 5 наурызда бір грамм алтынның құны 84 355,16 теңгеге жетті.
Ақпан айының соңында оның бағасы 82 542,16 теңге болған. Әлемдік бағаның қымбаттауы аясында Қазақстан 2025 жылы 57 тонна алтын сатып алып, сатып алу көлемі бойынша әлемде екінші орынға шықты.
Соңғы жылдары ел алтын сатушы мемлекеттердің қатарына да кірген. 2022–2024 жылдары Ұлттық банк резервтердің өтімділігін қамтамасыз ету үшін 118,3 тонна алтын сатқан. Ал 2025 жылы рекордтық бағалар мен геосаяси тұрақсыздыққа байланысты алтын қорын қайта көбейту саясаты басталды.
Бұл кезеңде Қазақстаннан көп алтын сатқан жалғыз ел – Филиппиндер (64,8 т). Сондай-ақ ірі сатушылар қатарында Шри-Ланка (19,1 т), Германия (16,2 т), Моңғолия (15,2 т) және Тәжікстан (11,9 т) бар.





