Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Арал өңірінде жаңа зауыт іске қосылды

Арал өңірінде жаңа зауыт іске қосылды

Арал өңірінде жаңа зауыт іске қосылды. Жоба аясында жылына 6 мың тонна балық өңделіп, Еуропа елдеріне экспортталмақ.

Кәсіпорын күніне 2 тоннадан астам өнім өндіруге қауқарлы. Заманауи технологиялармен жабдықталған зауыт балық аулау, сақтау, өңдеу, сатумен айналысады. Қазір мұнда 30-ға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

 «Теңізде балық аулайтын 6 және 9 учаске бар. Үкіметтің балық аулауға берген рұқсатымен, лимитімен балық аулап, сыртқы нарықтан балық алып, сөйтіп кестіреміз. Жалпы 80-85 пайызы сыртқа шығарылады. Қалған 15-20 пайызы ішкі нарыққа сатылады», – деді зауыт директоры Нұрсұлтан Сапарбаев.

Қазіргі таңда Арал ауданында жылдық қуаттылығы 24 мың тоннаға жететін 9 балық зауыты жұмыс істейді. Оның екеуінде «Еврокод» яғни, Еуропалық сапа стандартын растайтын белгі бар. Зауытта көксерке сүбесі, тыран қанаттары, балық фаршы, мұздатылған және балық ұны өңделеді. Ауданда 15-ке тарта балық сұрыптау және сақтау цехы қызмет көрсетеді. Теңізді өлкенің тынысымен танысуға өзге өңірлерден де делегаттар келді.

 «Ашылып жатқан балық өңдеу мекемесінің техникалық жабдықталуын көріп, заманауи технологияларға сай, келешегі жоғары екенін көруге болады. Балықты лезде қатыруы, тазарту, кесу үлгілері зауыттағы жағдай ауқымды екен», – деді Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Талғат Рахымжанов.

Ұқсас материалдар