Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz - Француздық «Ашан» компаниясы Ресейдегі бизнесін сыртқы басқаруға беру мүмкіндігін қарастыра бастады. Компания қазір басқарушылар арасынан үміткерлерді қарастыруда, бірақ басшылық әлі түпкілікті шешім қабылдаған жоқ, деп хабарлайды 7kun.kz «Известия» газетіне сілтеме жасап.
2021 жылы Auchan, Leroy Merlin және Decathlon бірігіп Nhood компаниясын құрғанын еске салды. Ол француз компанияларына тиеселі нысандарды басқарады. Алдағы уақытта бұл компания Ресейде қайта тіркеліп, дүкендерді басқаруға кірісуі мүмкін. Алайда компания Nhood -қа немесе басқа басқарушыға беру туралы стратегиялық шешімді әлі талқылауда.
Еске салайық, Ресейдің Украинаға шабуылы басталғаннан кейін «Ашан» Ресейдегі жұмысын тоқтатқаны туралы хабарлады. Наурызда Француз кәсіпкерлері одағының басшысы Джеффруа Ру де Безье Auchan, Leroy Merlin дүкендер желісі және басқа да француз компаниялары Ресейде жұмысын жалғастыратынын айтты.
Бұл компанияларда, шамамен, 160 000 ресейлік жұмыс істейді, деді Безье. Ол қызметкерлерін аш қалдырмауы үшін оларға жалақы төлеу керектігін атап өтті.
Бұған дейін The Secret Ашан, Leroy Merlin және Decathlon компанияларының барлығы француздық Мюлье отбасына тиесілі екенін жазған. Мюлье кланының 700-ге жуық мүшесі Ресейде жұмыс істейтін үш желімен қатар басқа ондаған ірі бизнесті де иеленеді.