Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ashmore Group компаниясының бас директоры Марк Кумбсты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесу барысында өзара тиімді бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Президентке Ashmore Healthcare International мен «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС-інің бірлесіп, Қазақстанда халықаралық клиника салу жоспары таныстырылды. Жобаға әлемдік деңгейдегі медицина операторы – Mount Sinai Health System тартылмақ.
Мемлекет басшысы Үкіметтің бұл маңызды жобаға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. Марк Кумбс Қазақстан экономикасының стратегиялық секторларында ынтымақтастық орнатуға зор әлеует бар екенін атап өтті. Сонымен қатар тараптар экономиканың басым және жоғары технологиялы салаларын дамытуға бағытталған Ашық инвестициялық серіктестік бағдарламасы аясындағы ықпалдастық перспективаларын талқылады.





