Centrum Air әуе компаниясы 29 наурыздан бастап «Ташкент – Астана» бағыты бойынша тікелей рейстерді іске қосады.
Жаңа бағытта аптасына үш рейс жоспарланған: дүйсенбі, жұма және жексенбі күндері ұшады. Билеттер бағасы шамамен 2,2 млн сумнан (90 мың теңгеден) басталады.
Сондай-ақ 30 наурыздан бастап «Ташкент – Атырау – Ташкент» бағыты бойынша тағы бір жаңа рейс ашылады. Бұдан бөлек, SCAT әуе компаниясы Түркістаннан Үргеніш, Бұхара және Самарқанд қалаларына тікелей рейстер орындап келеді.





