Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Астанада «Орталық Азия – Қытай» медиафорумы басталды

Астанада «Орталық Азия – Қытай» медиафорумы басталды

Елордада Орталық Азия елдері мен Қытай елі медиа саласы мамандарының қатысуымен форум өтіп жатыр. 

Медиафорум Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзімен ашылды.

«Құрметті достар, сіздерді Қытай мен Орталық Азияның ықпалдастығын арттыруға арналған форумның ашылуымен құттықтаймын. Бұл біздің еліміздің медиа саласындағы келісім мен сенімді арқау еткен, серіктестікті бекемдей түсетін бас қосу. Бүгінде жер жүзінде ауқымды өзгерістер болып жатыр, түрлі мәдениеттер мен қоғам арасындағы алтын көпір саналатын журналистердің рөлі бұрынғыдан да артып келеді. Сауатты әрі байыпты ақпараттық саясат, ынтымағымызды күшейтіп, орнықты дамуымызға септігін тигізеді. Қазіргі заманда медиа саласында бейбітшілікті, өзара қолдау мен татулықты дәріптейтін аса маңызды құралға айналды. Осы орайда Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мырзаның «Бір белдеу, бір жол» бастамасының мәні зор. Бірегей жоба жаһандық ынтымақтастық тұжырымдамасы ретінде әлем қауымдастығының жоғары бағасына ие болып отыр. Қазақстан Қытай Халық Республикасымен достық қатынасты дамытуға айрықша мән береді. Тиімді диалог құруға ұмтылған елдеріміздің мүддесі бір, мақсаты ортақ. Халықтардың бір-бірін жақын танып білуі және жаһандық сын-қатерлердің шешімін бірлесіп іздеу өте маңызды. Бұған жауапкершілігі мол медиа саласы өкілдері зор үлес қоса алады. Мұндай алқалы жиындар Еуразия кеңістігінде тұрақтылық, ашықтық және жасампаздық қағидаттарын орнықтыра түсуге ықпал етеді. Форумда осы аймақтағы барлық елдің игілігіне қызмет ететін тың идеялар мен парасатты пікірлер айтылады деп сенемін. Баршаңызға бақ-береке, мол табыс тілеймін», – деді Президент құттықтауын оқып берген ҚР Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев.

Жібек жолы «БАҚ-пен бірге: Қытай мен Орталық Азияның тығыз тағдыр қауымдастығын құру» тақырыбы таңдалды.

Медиафорумды ұйымдастырушы «Жэньминь жибао» газеті және Қазақстан Республикасының Президенті Телерадиокешені. Аталған іс-шараға шамамен 140 сала маманы қатысып жатыр.

Ұқсас материалдар