Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Астанада жаңа әуежай салу мәселесі пысықталады

Астанада жаңа әуежай салу мәселесі пысықталады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордада екінші әуежай салу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Бұл туралы ол Астананы дамыту жөніндегі кеңесте мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдікке аталған бастаманы жан-жақты зерделеп, нақты ұсыныстар енгізуді жүктеді. Оның айтуынша, Қазақстанда толыққанды авиахабтар қалыптастыру мәселесі өзекті болып отыр, алайда авиациялық отын өндірісінің жеткіліксіздігі бұл бағыттың дамуын тежеп келеді.

Президент авиаотын өндірісін ұлғайту үшін нақты шаралар қабылдаудың маңызын атап өтті. Бұл мәселені шешу жаңа мұнай өңдеу зауытын салу арқылы да қарастырылуы мүмкін. Дегенмен, бұл ұсыныстың оң және теріс тұстары бар екені ескертілді.

«Үкімет осы мәселе бойынша нақты ұстанымын айқындап, тиісті шешім әзірлеуі қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұқсас материалдар