
Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин бірінші вице-министр болып тағайындалды.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Азамат Кеменгерұлы Әмрин Қазақстан Республикасының ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды», – делінген хабарламада.
Әмрин еңбек жолын 1989 жылы Корнеев кеңшарында жұмысшы болып бастады.
1997 жылдан 2008 жыл аралығында Солтүстік Қазақстан облысының Салық комитетінде түрлі лауазымдар атқарды.
2008-2011 жылдары СҚО Шал ақын ауданының әкімі.
2011-2012 жылдары «Амрин К.К.» шаруа қожалығының менеджері.
2013-2015 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті директорының орынбасары.
2015-2020 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры.
Ұлттық экономика вице-министрі болып 2020 жылдың 20 қазанында тағайындалған болатын.