Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканы ырықтандыру саясаты қалай іске асатынын айтты.
«Экономиканың қаржыландыру көлемі үлкен секторларында бағаны шамадан тыс мемлекеттік реттеу бұл міндетті қиындата түсіп, инвеститициялық әлеуетті төмендетіп отыр. Үкімет жанар-жағармай материалдары мен газ бағасын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және теміржол тасымалы салаларындағы тарифтерді кезең-кезеңмен ырықтандырыла бастады», – деді ол.
Премьер-министр нарықтық баға саясатына көшудің артықшылықтарына да тоқталды.
«Біртіндеп нарықтық баға саясатына көшу осы салаларға қажетті инвестицияларды тартуға және жанармай тапшылығының алдын алуға мүмкіндік береді. Біз бағаның күрт қымбаттауына жол бермейміз. Осыны баса айтқым келеді», – деді Үкімет басшысы.