«Bank RBK» АҚ 24 қыркүйекте 50 млрд теңге сомасына өзінің үш жылдық облигацияларының шығарылымын өтегені туралы хабарлады.
Жылдық 12,5% кірістілік номиналы бойынша жалпы көлемі 50 млрд теңге болатын Банк облигацияларының дебюттік шығарылымы 2021 жылғы 24, 28 және 30 қыркүйекте KASE-дегі үш мамандандырылған сауда-саттық барысында орналастырылған. Андеррайтері «Сентрас Секьюритиз» АҚ және «Фридом Финанс» АҚ болды.
Айта кетейік, 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша коммерциялық банктер арасында Bank RBK корпоративтік несие портфелі бойынша 7–орында, капиталы бойынша 7–орында және активтері бойынша 9-орында.
2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша «Bank RBK» АҚ активтері 2 170 млрд теңгені, жыл басынан бері өсімі 6,2%-ды, кредиттік портфелі - жыл басынан бері 15,4% өсіммен, 1 294 млрд теңгені құрады.
Бір жыл бұрынғы осындай кезеңде алынған 34 млрд теңгеге қарағанда, Банктің 2024 жылғы 8 айдағы пайдасы 39 млрд теңгені құрады.
1 шілдедегі жағдай бойынша банктің құрылтайшылары қатарында 89,77% үлестің иесі "КСС Финанс" ЖШС (Владимир Кимге тиеселі) және басқарма төрағасы Наталья Акентьева (6,49% акция тиеселі) бар.