Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Bank RBK құны 50 млрд теңге болатын үш жылдық облигацияларын өтеді

Bank RBK құны 50 млрд теңге болатын үш жылдық облигацияларын өтеді

«Bank RBK» АҚ 24 қыркүйекте 50 млрд теңге сомасына өзінің үш жылдық облигацияларының шығарылымын өтегені туралы хабарлады.  

Жылдық 12,5% кірістілік номиналы бойынша жалпы көлемі 50 млрд теңге болатын Банк облигацияларының дебюттік шығарылымы 2021 жылғы 24, 28 және 30 қыркүйекте KASE-дегі үш мамандандырылған сауда-саттық барысында орналастырылған.  Андеррайтері «Сентрас Секьюритиз» АҚ және «Фридом Финанс» АҚ  болды. 

Айта кетейік, 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша коммерциялық банктер арасында Bank RBK корпоративтік несие портфелі бойынша 7–орында, капиталы бойынша 7–орында және активтері бойынша 9-орында.

2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша «Bank RBK» АҚ активтері 2 170 млрд теңгені, жыл басынан бері өсімі 6,2%-ды, кредиттік портфелі - жыл басынан бері 15,4% өсіммен, 1 294 млрд теңгені құрады.

Бір жыл бұрынғы осындай кезеңде алынған 34 млрд теңгеге қарағанда, Банктің 2024 жылғы 8 айдағы пайдасы 39 млрд теңгені құрады.

1 шілдедегі жағдай бойынша банктің құрылтайшылары қатарында 89,77% үлестің иесі "КСС Финанс" ЖШС (Владимир Кимге тиеселі) және басқарма төрағасы Наталья Акентьева (6,49% акция тиеселі) бар. 

Ұқсас материалдар