Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Банктер бірыңғай QR жүйесіне шілде айына дейін қосылады

Банктер бірыңғай QR жүйесіне шілде айына дейін қосылады

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Мәжілістегі брифинг барысында мәлімдеді.  

2026 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстандағы барлық екінші деңгейлі банктер төлемдерді бір QR-код арқылы қабылдауға техникалық мүмкіндік ұсынуға міндетті.

Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, бірыңғай төлем жүйесін құру және енгізу мәселесі толықтай Ұлттық банктің құзыретіне кіреді. Қазіргі таңда бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізіліп, барлық банктердің жаңа жүйеге қосылуын қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

"Заңнама деңгейінде барлық банктер үшін бірыңғай төлем жүйесіне міндетті түрде қосылу талабы енгізілді. Бұл норма биылғы шілде айында күшіне енеді", – деді агенттік басшысы.

Сонымен қатар, соңғы уақытта төлем жүйелеріне, оның ішінде Face Pay сияқты жаңа технологияларды енгізуге байланысты азаматтардың жеке деректерінің қорғалуы мәселесі жиі көтерілген. Осыған байланысты жүргізілген тексерулер нәтижесінде барлық техникалық деректер жан-жақты талданып, қорытындылары ресми сайтта жарияланған.

Әбілқасымованың айтуынша, бұл салада ең басты назар ақпараттық қауіпсіздік пен қаржы қызметтерін тұтынушылардың дербес деректерін қорғауға аударылып отыр.

Ұқсас материалдар