2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мобильді аударымдарды бақылаудың жаңа өлшемшарттары күшіне енді.
Осыған байланысты сәуір айынан бастап екінші деңгейлі банктер белгіленген критерийлерге сәйкес азаматтардың мобильді аударымдары жөніндегі мәліметтерді салық органдарына ұсына бастайды.
Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, үш ай қатарынан 100-ден астам әртүрлі жіберушіден 1 млн теңгеден көп қаржы алған азаматтар салықтық бақылауға ілінуі мүмкін. Бұл талап екі шарт бір мезгілде орындалған жағдайда ғана қолданылады.
Алғашқы мәліметтер 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 15 сәуірге дейін салық органдарына жолданады. Тиісті ақпаратты ұсыну – банктер үшін міндетті.





