Бір айда Алматыда 10 мың жол белгісі, 470 бағдаршам, 15 мың орындық жуылып, боялды
«Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында мегаполисте көше инфрақұрылымын ретке келтіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді.
Науқан басталғалы бері жолайырықтар мен көпірлердің қоршаулары, 1765 аялдама кешендерін жуу, 134 жер асты және жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерін тазалау жұмыстары жүргізілді.
Қалада 10 мыңға жуық жол белгісі орнатылған бағана, аркалар, консольдер, шкафтарды қосқанда, 470-тен астам бағдаршам нысандары жуылып, боялған.
15 мыңға жуық орындық, 25 мың қоқыс жәшігі жуылып, боялды, 1 485 контейнерлік алаң дезинфекцияланып, жуылды. Жергілікті қоғамдастықтармен бірлесіп 5 567 аула аумағын тазартылды.
Сонымен қатар, Достық, Байтұрсынов, Гагарин, Райымбек, Сәтбаев, Бұқар Жырау, Тимирязев, Рысқұлов, Момышұлы сияқты магистральдық және аудандық көшелерде 41 000 шаршы метрден астам асфальтбетон жабыны бар жолдар ағымдағы жөндеуден өтті.
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны туралы толық ақпарат аlmaty.kz сайтында және Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде парақшасында жазылған.