АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздері сәтті аяқталған жағдайда, Bitcoin бағасы $123 000 деңгейіне дейін өсуі ықтимал.
Валюта нарығындағы ахуал
Сәрсенбі күні EUR/USD жұбы 1,1642 деңгейіне дейін төмендеді.
Күндік графикте сауда жұбы 1,1600-1,1690 диапазонында тұрақтап тұр.
АҚШ долларының индексі апта ортасында шамамен 98,7 пункт деңгейінде қалып, аптаның басындағы аздаған жоғалтуларын сақтап тұр.
Инвесторлар АҚШ Федералдық резерв жүйесінің (ФРЖ) шешімін күтуде. Нарық ставканың 0,25 пайыздық пунктке төмендеуін болжайды. Сондай-ақ трейдерлер ФРЖ төрағасы Джером Пауэллдың мәлімдемелеріне назар аударып, желтоқсанда тағы да пайыздық мөлшерлеме төмендеуі мүмкін деген белгі іздеуде.
АҚШ пен Қытай келіссөздері
Нарықтың ерекше назарында – Дональд Трамп пен Си Цзиньпин арасындағы алдағы кездесу. Тараптар жаңа тарифтерді тоқтатып, Қытайдың сирек кездесетін металдар экспортына шектеулерді жеңілдетуді көздейтін сауда келісімін бекітуі мүмкін.
Бұл келісім іске асса, Bitcoin мен қор нарығының өсуіне оң әсер етуі ықтимал.
Йена және доллар
АҚШ пен Жапонияның Қаржы министрлері – Сацки Катаяма мен Скотт Бессент валюталық нарықтағы құбылмалылықты талқылады.
Бессенттің «салмақты монетарлық саясат қажет» деген мәлімдемесі сарапшылар тарапынан Жапонияның баяу мөлшерлеме саясатына сын ретінде қабылданды.
Сол себепті доллар иенаға қатысты әлсіреуде.
Мұнай бағасы төмендеді
Brent маркалы мұнай бағасы барреліне $65,38 деңгейіне түсті.
Қазір баға $64-66 аралығында тұрақтап тұр. Нарық АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкцияларының әсерін және мұнай ұсынысының артық болуы мүмкіндігін бағалап отыр.
Өткен аптада Вашингтон ірі ресейлік мұнай компанияларына шектеу енгізді, бұл трейдерлердің назарын осы аймақтағы жеткізілім тәуекелдеріне аударды.
Сонымен қатар, АҚШ-тағы мұнай қоры бір аптада 4 млн баррельге қысқарған, бірақ Кушинг (Оклахома) хабындағы қорлар керісінше өскен.
Сарапшылардың пікірінше, мұнай бағасы үшінші ай қатарынан төмендеу үрдісін жалғастыруы мүмкін. ОПЕК+ ұйымы алдағы отырысында өндіру көлемін арттыру мүмкіндігін қарастыруда.
АҚШ нарығы: шешуші күн
АҚШ қор нарығы сәрсенбі күні салыстырмалы түрде тұрақты.
S&P 500 индексі премаркет кезеңінде консолидцияланып, 6900 пункт деңгейіне бағдар ұстап тұр.
Инвесторлар бүгінгі Федералдық резерв шешімін күтуде. Ал ставканың төмендеуі нарықтың әрі қарайғы бағытын айқындамақ.





