Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің рөлі кеңейетінін және оның экономикадағы функциялары жаңа деңгейге көтерілетінін айтты.
Үкімет басшысы еліміздің басым секторларында инвестициялық жобаларды белсенді іске асыру экономикалық өсімнің негізгі қозғаушы күші болып қала беретінін атап өтті. Оның айтуынша, екінші деңгейлі банктердің капиталын нақты секторды несиелеуге тарту экономиканы дамытуға қосымша серпін береді.
Бектенов бизнеске арналған қаржыландыру тетіктерін жетілдіру қажеттігін де жеткізді:
-
несие беру процесін оңайлату және толық цифрландыру,
-
әкімшілік кедергілерді азайту,
-
инвесторлармен жұмыстың икемділігін арттыру.
Бұл шаралар корпоративтік несиелендіру үлесін арттыруға мүмкіндік береді.
Премьер-министр «Бәйтерек» холдингінің жаңа міндетін атап өтті:
«Даму институты ретінде «Бәйтерек» тек жобалардың операторы ғана емес, нарық сұранысын қалыптастыратын және бірлескен кәсіпорындар құруға бастамашы болатын жаңа өсу бағыттарының драйверіне айналуы тиіс», – деді Бектенов.
Сонымен бірге, Kazakh Invest мемлекеттік органдар мен даму институттарының барлық инвестициялық жобаларға қолдау көрсету ісін тиімді үйлестіруі тиіс деген тапсырма берілді.





