Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Болат Назарбаевтың "Қаңтар оқиғасын" ұйымдастыруға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр

Болат Назарбаевтың "Қаңтар оқиғасын" ұйымдастыруға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр

Ведомствоаралық тергеу тобы (ҰҚҚ, Антикор, ҚМА) Болат Назарбаевтың мемлекеттен үлкен көлемде ақша жымқыру фактілерін, ең бастысы, "Қаңтар оқиғасын" ұйымдастыруға қатысы барын тексеруде. Бұл туралы органдарға жақын дерекөзіне сілтеме жасаған "DALA инсайд" телеграм арнасы жазды.

Оның айтуынша, Қайрат Сатыбалдыны тергеу процессінің экономикалық кезеңі аяқталуға жақын және қазіргі фокус "Қаңтар оқиғасын" ұйымдастыру барысына ауысты.

Тергеу осы істерге Болат Назарбаевтың қатысы бар ма, соны білгісі келеді.

Бірақ, соңғы ақпараттар бойынша оның өзі Қазақстанда жоқ. Қырғызстанның kloop.kg ақпарат агенттігі Болат Назарбаевтың "Қаңтар оқиғасы" кезінде Бішкек арқылы Дубайға ұшып кеткенін хабарлаған. Одан кейін ашық деректерде оның Қазақстанға оралғаны жөнінде ақпарат шыққан емес.

Ұқсас материалдар