
Алматы. 2 сәуір. 7kun.kz – Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың маусымындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің 2 сәуір Мәскеу уақытымен сағат 8:23-тегі бағасы 0,15 долларға (0,22%) көтеріліп, баррелі $69,16 құрады, - деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.
Дүйсенбі күні сауда барысында ол 1,43 долларға (2,12%) қымбаттап, бағасы 69,01 долларға жетті.
Лондон және Нью-Йорк биржаларында мамырдағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) $0,18 (0,29%) қымбаттап, барреліне $61,77 долларды құрады.