Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Декларация тапсырмағандарды алаяқтар алдап жатыр

Декларация тапсырмағандарды алаяқтар алдап жатыр

Жалпыға бірдей декларациялау реформасынан кейін шамамен 9 млн қазақстандық бұл міндеттен босатылды.

Алайда, түсіндіру жұмыстарының әлсіздігін пайдаланған алаяқтар азаматтарға қоңырау шалып, «декларацияны кеш тапсырдың» деп қорқытып, жеке деректер мен банк мәліметтерін алуға тырысуда.

ІІМ ескертеді: мемлекеттік органдар телефон арқылы кодтар мен құпиясөз сұрамайды. Күдікті қоңырау түскен жағдайда сөйлесуді тоқтатып, 102 нөміріне хабарласу қажет.

Декларацияны алғаш рет тапсырмағандарға – ескерту, қайталап бұзса – 15 АЕК айыппұл салынады. Қате мәлімет бергендерге де әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Декларацияны мемлекеттік қызметшілер, ірі бизнес иелері, шетелде мүлкі немесе шоты бар тұлғалар және бірқатар басқа санаттағы азаматтар тапсырады.

Қаржы министрлігі алдағы жылдары декларациялаудан толық бас тартып, жаңа Салық кодексінде алдын ала толтырылған, жеңілдетілген жүйе енгізуді жоспарлап отыр.

Ұқсас материалдар