
«Дербес деректерді қорғау мен цифрлық қауіпсіздікке ерекше назар аудару керек. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, дербес деректермен жұмыс істейтін мамандардың жауапкершілігін арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуі қажет. Осы саладағы бұзушылықтар үшін жазаны күшейту керек», – деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сондай-ақ Премьер-министр мемлекеттік қызмет көрсету үднрісінде орталықтандырылған мониторингінің болмауы деректердің таралып кету қаупін арттырып, интернет-алаяқтық жағдайларының көбеюіне алып келетініне назар аударды. Осыған байланысты мемлекеттік органдар осы жылдың соңына дейін барлық ақпараттық жүйені дербес деректерге қолжетімділікті бақылау қызметіне қосуды аяқтауы тиіс.