Елордада "Astana Bastau. Бизнес аумағы" инвестициялық және кәсіпкерлік форумы өтеді

Алматы. 10 қыркүйек. 7kun.kz – Астана қаласында 22-23 қыркүйек күні "Барыс Арена" көпфункционалды мұз сарайында "Astana Bastau. Бизнес аумағы" Бірінші инвестициялық және кәсіпкерлік форумы өтеді.
Форумның басты мақсаты - бизнесмендерге өз ісін және жалпы ойлауды өзгерту арқылы алға сапалы серпіліс жасауға мүмкіндік беру. Форумда қатысушылар келесі бағыттар бойынша біліктіліктерін арттыра алады: бизнесті цифрландыру (орау, траффик және лидогенерация), инвестицияларды тарту,бизнесті үлкейту және тиімді сатуды құру техникасы.
Форумда спикерлер ретінде «фанк стиліндегі бизнес» бестселлердің авторы Кьел Нордстрем, ТМД - дағы нөмірі 1 нетуоркинг бойынша сарапшы Гил Петерсил, Like холдингінің негізін қалаушы және иесі Аяз Шабутдинов және т. б. сияқты бизнестегі әлемдік сарапшылар сөз сөйлейді. Іс-шара «Барыс-Арена» мұз сарайында өтеді.
Форумды ұйымдастырушылар: Астана қаласы Әкімдігі, "Astana" ӘКК" ҰК" АҚ, "Синергия" Бизнес мектебі.
Кәсіпкерлер аталмыш шараға тегін қатыса алады.