Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Досаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Ерболат Досаев 1970 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ол Алматы энергетикалық институтын және Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті тәмамдаған.
Еңбек жолында ол қаржы, экономика және мемлекеттік басқару салаларында бірқатар маңызды қызметтерді атқарды. Атап айтқанда, ҚР Қаржы министрі, Денсаулық сақтау министрі, Ұлттық экономика министрі болды. Сонымен қатар Бәйтерек ұлттық басқарушы холдингі басқарма төрағасы, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары және Қазақстан Ұлттық банкі төрағасы қызметтерін атқарған.
Сондай-ақ 2022 жылдан бастап Алматы қаласының әкімі болып жұмыс істеді. Ал 2025 жылдың қыркүйегінен бері Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.





