Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ерлан Карин жаңа қызметке тағайындалды

Ерлан Карин жаңа қызметке тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Карин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Осыған байланысты ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды.

Ерлан Карин 2022 жылғы 14 маусымнан бері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі қызметін атқарды. Мемлекеттік кеңесші ретінде қоғамдық-саяси даму, ішкі саясат, идеология, стратегиялық жоспарлау және Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін үйлестіру бағыттарындағы жұмыстарға жетекшілік етті.

Ерлан Тынымбайұлы 1976 жылы Түркістан облысы Сайрам ауданының Ақсу ауылында дүниеге келген. Саясаттанушы, саясат ғылымдарының кандидаты.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің Стратегиялық зерттеулер институтының директоры, Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, сондай-ақ басқа да жауапты мемлекеттік қызметтерді атқарған.

Ұқсас материалдар