![Ермек Көшербаев – ҚР Премьер-министрінің орынбасары](/uploads/posts/1739531024_JwWNW5y5c93qGvTDXC35t006aDJmwF7U/image/post7.jpeg)
Ермек Көшербаев ШҚО әкімі қызметінен босатылып, жаңа лауазымға тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Ермек Көшербаев 1965 жылғы 2 мамырда Алматы қаласында туған.
C.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1982-1988) Тарихшы, шет тілінде оқытатын тарих пәнінің мұғалімі КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын (1991-04.1993) халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады, дипломат.
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі (12.2014-10.2016);
• Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы (10.2016-05.2018);
• Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы (05.2018-01.2019);
• Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары (01.2019-01.2020);
• Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (01.2020-16.06.2023);
• 2023 жылғы 16 маусымнан бастап Шығыс Қазақстан облысының әкімі болған.