Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ет бағасы неге күрт қымбаттады?

Ет бағасы неге күрт қымбаттады?

Сиыр етінің қымбаттау себебін бүгін Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында түсіндірді.

Министрдің айтуынша, ішкі нарықты етпен қамту үшін бірқатар шұғыл шаралар қабылдануда.

 15 мамырдан бастап тірі малды шетелге шығаруға тыйым салынды. Сонымен қатар, ет экспортына ветеринарлық бақылау күшейтіліп, сиыр етін шетке сатуға арналған квоталар тек ет өңдейтін кәсіпорындарға ғана берілетін болды.

«Фермерлерден тікелей сауда желілеріне ет жеткізу үшін келісімдер жасалды. Ішкі нарықты қажетті көлемде етпен қамтамасыз етуді Ауыл шаруашылығы министрлігі өз міндетіне алады», – деді А. Шаққалиев.

Сонымен қатар:

  • Еліміздің барлық өңірінде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізілуде.
  • Жыл басынан бері 3 700 жәрмеңке ұйымдастырылған.
  • Соңғы демалыста 236 тоннадан астам сиыр еті сатылған.

«БЕРЕКЕ-FEST» акциясы іске қосылады

Ішкі және электрондық сауда платформаларымен бірлесіп, өндірушілермен тікелей келісімшарттар жасау арқылы ел бойынша арнайы бір айлық акция басталады.

Ұқсас материалдар