Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Еуроодақтың 18-ші санкция пакеті: Ресейге қысым күшейді

Еуроодақтың 18-ші санкция пакеті: Ресейге қысым күшейді

Еуроодақ Ресейге қарсы жаңа, 18-ші санкция пакетін қабылдады. Бұл жолы шектеу шаралары 41 ұйым мен 14 жеке тұлғаға бағытталды.

Брюссельдің мәлімдеуінше, бұл құрылымдар мен адамдар Украина егемендігі мен аумақтық тұтастығына қауіп төндіретін әрекеттерге тікелей немесе жанама қатысы бар.

Санкциялар аясында Ресейдің Тікелей инвестициялар қоры (РФПИ) мен оның еншілес компаниялары қара тізімге енгізілді. Сонымен қатар, Ресейдің 22 банкіне кез келген қаржылық транзакция жасауға толық тыйым салынады. Бұл шешім Мәскеудің халықаралық қаржы жүйесіне кіру мүмкіндігін шектеуді көздейді.

Еуроодақтың соңғы шаралары бұрынғы санкциялық пакеттерді толықтырады және Ресей экономикасының стратегиялық салаларына әсер етуді күшейтеді. Бұл қадамдар Мәскеуді Украинадағы әскери іс-қимылдарын тоқтатуға және халықаралық құқық нормаларын сақтауға мәжбүрлеу мақсатында қабылданып отыр.

Жаңа санкциялар еуропалық компаниялар мен қаржы институттарының да Ресеймен байланысын шектеуге әкелмек. Сарапшылардың айтуынша, бұл пакет ЕО мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың одан әрі нашарлауына және Мәскеудің қаржы нарығында оқшаулануына әкелуі мүмкін.

Ұқсас материалдар