Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Fitch Bereke Bank рейтингін «B+» деңгейіне төмендетті

Fitch Bereke Bank рейтингін «B+» деңгейіне төмендетті
Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Bereke Bank-тің ұзақ мерзімді эмитенттік дефолт рейтингін (IDR) «BB»-ден «В+» деңгейіне дейін төмендетті, болжам «тұрақты», деп хабарлады агенттік.

Сондай-ақ агенттік банктің мемлекеттік қолдау рейтингін (GSR) «bb»-ден «ns»-ке дейін төмендетті. Банк эмитентінің дефолт рейтингі және мемлекеттік қолдау рейтингі Rating Watch Negative (RWN) тізімінен алынып тасталды.
«IDR және GSR рейтингтерін төмендету туралы шешім «Бәйтерек» мемлекеттік холдингі мен несие мекемесін сатып алған Катар Lesha Bank арасындағы мәміленің аяқталуына байланысты», деп түсіндіреді Fitch мәлімдемесінде.
Атап айтқанда, агенттік IDR рейтингін «В+» деңгейіне дейін төмендетті, өйткені банк, Fitch пікірінше, бұдан былай мемлекеттік көмекке, сондай-ақ қазіргі акционердің көмегіне сене алмайды.

Сонымен қатар, оның жаңа акционері Lesha Bank-нің капиталын ұстау мүмкіндігі де шектеулі. Мысалы, ағымдағы жылдың екінші тоқсанында Bereke Bank активтерінің көлемі 4,8 миллиард долларды құрады, бұл Lesha активтерінен 2,8 есе көп.

Fitch Ratings сондай-ақ банктің өміршеңдік рейтингін (VR) «2024 жылдың мамырында өткен шолудан кейінгі банктің ішкі несиелік профиліндегі шектеулі өзгерістерді ескере отырып» «b+» деңгейінде растады.

Ұлттық рейтингке қатысты Fitch оны «A+(kaz)» деңгейінен «BBB-(kaz)» деңгейіне дейін төмендетіп, рейтингті RWN тізімінен алып тастады.

Бұған дейін хабарланғандай, Lesha Bank қазақстандық  Bereke Bank -ті 65 миллиард теңгеге сатып алды. Сбербанктің Қазақстандағы экс-еншілесі 2022 жылдың наурыз айында санкцияға ұшырап, «Бәйтерек» холдингі сатып алды. Мәміледен кейін қаржы ұйымы атауын Bereke Bank, деп өзгертті. Бұдан кейін АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасына (OFAC) 2023 жылдың 8 наурызында салалық санкциялар тізімінен (SSI) алып тастады.

Банктің жаңа акционері катарлық Lesha Bank қызметін Шариғат талаптарына сай жүргізеді және Qatar Financial Center Regulatory Authority 2010 жылғы 30 маусымда берген депозиттерді қабылдау, қарыз операциялары, инвестициялық операцияларды және ұжымдық инвестициялық қорды басқаруды қоса алғанда, банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар.
 
Bereke Bank Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер арасында активтерінің көлемі бойынша 9-шы орында. 2024 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша банктің активтері 2,338 трлн теңгені құрады.

Ұқсас материалдар