Forbes.kz Қазақстандағы ең ықпалды 50 бизнесменнің тізімін жариялады. Биылғы рейтингте байқалған басты үрдіс – бизнес ықпалының экономика шегінен шығып, мәдениет, спорт және әлеуметтік салаға терең енуі.
Сонымен қатар, кәсіпкерлердің бастамалары халықаралық деңгейге көтеріле бастады.
Білім және әлеуметтік жобаларға келсек, Айдын Рахимбаевтың «Ана үйі» қоры мен IQanat білім беру жобасының кейстерін Гарвард бизнес мектебінің оқу бағдарламасына енгізуге қол жеткізді. Ол Арсен Томскиймен бірге жаңа халықаралық жобаларды да қолға алып отыр.
Ұлттық спортқа жеке инвестициялар:
-
Сайдулла Қожабаев негізін қалаған Alageum Group-ты бүгінде ұлы Еркебұлан Ильясов басқарады. Ол биыл Қазақстанның ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті болып сайланды.
-
Қанат Көпбаев, Марат Жұман сынды кәсіпкерлер де ұлттық спорт түрлерін дамытуға жеке капиталдарын бағыттауда. Бұл сала бұрын мемлекет қамқорлығында болатын.
2025 жылғы тізім тұрақты болғанымен, орын ауысулар байқалды. Рейтингтегі жалғыз жаңа есім – Айғазы Құсайынов. Ол иелік ететін International Educational Corporation Ltd. құрамына:
-
ҚазҚСҒА (Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы),
-
Қазақ-Американ университеті (KAU),
-
KazGASA School, KAU School,
-
Digital College,
-
және жуырда ашылатын Charterhouse Almaty мектептері кіреді.
Биылғы рейтинг ықпалдылық түсінігінің өзгеріп келе жатқанын көрсетеді: енді бизнес көшбасшылары экономикамен шектелмей, қоғамды, мәдениетті, болашақ ұрпақты қалыптастыруға тікелей атсалысуда.





