Алматы. 19 қыркүйек. 7kun.kz – «Фридом Финанс» инвестициялық компаниясының басқармасы құрамында өзгерістер болды.
Бұл туралы Қазақстан қор биржасында жарияланған құжатта белгілі болды.
Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес 2018 жылдың 17 қыркүйегінен бастап Ренат Тұқанов пен Сәкен Өсер «Фридом Финанс» басқарма төрағасының орынбасарлары қызметіне тағайындалды.
Сонымен қатар, директорлар кеңесінің төрағасы Алмас Қизатов атқарушы органнан шығарылды.
Басқарма мүшелерінің құрамына Роман Миникеев, Евгений Лер, Күләш Жүсіпова, Сәкен Өсер, Ренат Тұқанов кіреді.