Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ғалымдар шығынды азайтатын жаңа жем әзірлеп жатыр

Ғалымдар шығынды азайтатын жаңа жем әзірлеп жатыр

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті ғалымдары мал шаруашылығында шығынды азайтатын жаңа құрама жем технологиясын әзірлеуде.

Жоба аясында қымбат ақуыздық қоспаларды ет өңдеу қалдықтарынан алынатын мультиақуыздық шикізатпен алмастыру ұсынылған. Олардың қатарында ет-сүйек, қан және сүйек ұны, сондай-ақ гидролизаттар бар.

Сонымен бірге жем құрамына пробиотикалық қоспалар енгізіліп, ол малдың қоректік заттарды сіңіруін жақсартып, өнімділігін арттыруға бағытталған.

Ғалымдардың айтуынша, жаңа технология жемнің өзіндік құнын төмендетіп, қайта өңдеу қалдықтарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Жоба ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Ұқсас материалдар