
GITEX Central Asia & Caucasus x Ai Everything Kazakhstan атты алғашқы шара 2026 жылдың 2-4 маусымында Астанада өтеді.
Іс-шараны Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Astana Hub-пен серіктестікте ұйымдастырады. GITEX Central Asia & Caucasus x Ai Everything Kazakhstan жыл сайынғы тұрақты шараға айналады. Форумды өткізу жаһандық GITEX қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Орталық Азия мен Кавказ – әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан цифрлық өңірлердің біріне айналуда. Дүниежүзілік банктің бағалауынша, 2025-2026 жылдары өңір елдерінің ЖІӨ-сі шамамен 4,7%-ға өседі. Өткен жылы венчурлік қаржыландыру аймақта күрт артып, 95 миллион АҚШ долларына жетті. Тек IT-қызметтер нарығының өзі 2029 жылға қарай 5,6 миллиард АҚШ долларына дейін өседі деп күтілуде.
Осы үрдіс аясында өңірде талантты әзірлеушілер мен IT-мамандардың жаңа буыны қалыптасып келеді, ал өңір елдерінің үкіметтері цифрландыруға мемлекеттік қызметтерден бастап қаржы мен энергетика сынды маңызды салаларға дейін жаңа серпін беруде.Мұның бәрі өңірді жаһандық инновациялық күн тәртібінде алдыңғы қатарға шығаруда.
Осы цифрлық дамудың тартылыс орталығына айналған – Қазақстан. Мұнда Орталық Азиядағы ең ірі гипермасштабты деректер орталығы орналасқан, мемлекеттік қызметтердің 90%-ы цифрланған, сондай-ақ Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы секілді флагмандық халықаралық жобалар іске қосылған. Дәл осы контексте Қазақстан әлемдегі ең ірі технологиялық және стартап-іс-шара – GITEX Central Asia & Caucasus x Ai Everything Kazakhstan форумын қабылдайды. Форум 2026 жылғы 2-4 маусым аралығында Астанада өтеді. Форумның өтетіні туралы ресми хабарлама Берлинде өткен GITEX EUROPE x Ai Everything көрмесінің бірінші күні жарияланды.
GITEX Central Asia & Caucasus x Ai Everything Kazakhstan көрмесін әлемдегі ең ірі технологиялық және стартап-қауымдастық GITEX аясында KAOUN International компаниясымен ұйымдастырылады. Шараны Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Astana Hub-тың қолдауымен өткізеді.
Бұл іс-шара Орталық Азия мен Кавказдағы жасанды интеллект, деректер орталықтары, киберқауіпсіздік, бұлтты шешімдер, FinTech, стартаптар және deep-tech салаларында тәжірибе алмасу мен инвестиция тартуға арналған ең ірі алаңға айналады.
Қазақстан GITEX жаһандық маршрутының тоғызыншы нүктесіне айналды. Берлин, Марокко, Нигерия, Сингапур, Таиланд, Абу-Даби, Дубай және Вьетнам сынды елдерден кейін Қазақстан GITEX жаһандық технологиялық және стартап платформасының тоғызыншы нүктесі болып отыр. Бұл трансшекаралық, көпсалалы платформа инновациялық компанияларға жаһандық нарықтарға, инвестицияларға және таланттарға тікелей қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Орталық Азиядағы технологиялық дамудың катализаторы
GITEX Central Asia & Caucasus x Ai Everything Kazakhstan жасанды интеллект саласының көшбасшыларын, деректер орталықтарының сәулетшілерін, киберқауіпсіздік мамандарын, FinTech жаңашылдарын және өңірдегі ең перспективалы стартаптарды біріктіреді. Олар жаңа даму серпінін қамтамасыз ететін технологияларды әзірлеу және енгізу үшін бас қосады. Қатысушылар GITEX-тің жаһандық желісіне – инвесторлардан бастап стартаптар мен мемлекеттік реттеушілерге және бизнес өкілдеріне дейін – тікелей қол жеткізеді. Бұл көрмеде ұсынылған идеялардың нақты пилоттық жобалар мен масштабталатын шешімдерге жедел көшуіне мүмкіндік береді.
Қазақстан цифрлық серпіліс жолында
Қазақстан Үкіметі 2026 жылға дейін барлық мемлекеттік қызметтерді онлайн форматқа көшіруді және өнеркәсіптік-қаржылық операциялардың 70%-ын автоматтандыруды жоспарлап отыр. Бүгінде Қазақстан БҰҰ-ның онлайн-қызметтер рейтингінде үздік ондыққа енген, ал Жасанды интеллект енгізуге дайындық индексі бойынша Орталық Азияда 1-орында тұр. Елдегі венчурлік инвестициялар көлемі 71 миллион долларға жетті, ал Астанадағы alem.ai орталығы 2029 жылға дейін жасанды интеллект өнімдерінің экспортын 5 миллиард долларға дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Бұл – технологияларды импорттаудан олардың ауқымды экспортына көшу кезеңі.
БАӘ-мен стратегиялық әріптестікті дамыту
GITEX Астана мен Абу-Даби арасындағы инновациялық дәлізді нығайтады. Биыл БАӘ инвестициялар министрі Қазақстанға сапармен келіп, жасанды интеллект және деректер орталықтары бойынша стратегиялық келісімге қол қойды. Бұдан кейін Абу-Дабиден келген Presight компаниясы Орталық Азиядағы алғашқы кеңсесін Астанада ашып, өңірдің ЖИ әлеуетін арттыруға кірісті. Бұл бастамалар БАӘ мен ЕАЭО арасындағы жан-жақты экономикалық әріптестік туралы келіссөздермен қатар жүзеге асуда.
GITEX Central Asia & Caucasus x Ai Everything Kazakhstan осы жоғары деңгейдегі келісімдерді нақты бірлескен жобаларға айналдырады. Ол Парсы шығанағы елдерінің капиталы мен тәжірибесін Орталық Азия инженерлік әлеуетімен біріктіре отырып, цифрлық өсімнің жаңа қозғалтқышын қалыптастырады.