Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады.
Бүгінгі таңда 15,9 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 99,2%-ы жиналды. Нәтижесінде 26,9 млн тонна астық бастырылды.
Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 3,7 млн тонна майлы дақыл, гектарына 226,3 центнер өнімділікпен 2,9 млн тонна картоп және гектарына 297,3 центнер өнімділікпен 3,8 млн тонна көкөніс жинады.
Атап айтқанда, 333,4 ц/га өнімділікпен 497,5 мың тонна қырыққабат, 429,9 ц/га өнімділікпен 1058,5 мың тонна пияз, сондай-ақ 283 ц/га өнімділікпен 387,7 мың тонна сәбіз жиналды.
Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтуде.
Тегтер:
Ұқсас материалдар
Жаңалықтар
Экономика
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 қыркүйек, 2026
Көп оқылғандар
Жаңалықтар
Экономика
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 қыркүйек, 2026





