Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ғұмар Серғазин – Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары

Ғұмар Серғазин – Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары

 Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Серғазин Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары болды, деп хабарлады Ақорда.

– Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Екпінұлы Серғазин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада.

Ғұмар Серғазин Қазақ-Америка университетінде білім алған, мамандығы – заңгер (2008 ж.). Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітіріп, Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі болды, (2013 ж.); АЭХА Ядролық құқық институтын оқыған (Австрия) (2015 ж.); А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік институтында «электроэнергетика» мамандығын алды (2020ж.);

Еңбек өтілі:

«Астана қаласы Сарыарқа ауданы Халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ инспекторы, кеңесшісі, бас инспекторы, операциялық зал бастығының орынбасары (2008-2011 жж.); «БТА Банк» АҚ Заң департаменті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының Құқықтық сүйемелдеу бөлімінің заңгері (заң секторының меңгерушісі) (2011 ж.);

Қазақстан Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментінің Тұрғын үй қатынастары басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы (2011-2012 жж.); Қазақстан Өңірлік даму министрлігі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаментінің Тұрғын үй қатынастары басқармасының бас сарапшысы (2013-2014 жж.);

Қазақстан Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ішкі әкімшілік ету басқармасының басшысы, Заң басқармасының басшысы (2014 ж.); 

Қазақстан Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Заң басқармасының басшысы (2014-2016 жж.); Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаменті директорының орынбасары (2016-2017 жж.); Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары (2017-2023 ж.); Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры (2023 ж. наурызынан бастап) болды.

Ұқсас материалдар