Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

REIT деген не? 

REIT деген не? 
REIT немесе Real Estate Investment Trusts 1960 жылдары АҚШ-та пайда болды.
REIT инвесторларға кеңсе ғимараттары, сауда орталықтары, қоймалар, инфрақұрылым, қонақ үйлер, көппәтерлі үйлер және т.б. сияқты ірі жылжымайтын мүлік объектілеріне бірлескен инвестиция салуға мүмкіндік береді. Бірлескен немесе ұжымдық инвестиция инвесторлардың тәуекелдерін азайтады. REIT үшін негізгі табыс көзі жылжымайтын мүлікті жалға беруден түсетін кіріс болып табылады.

АҚШ-тың REIT ұлттық қауымдастығының (NAREIT – National Association of Real Estate Investment Trusts) мәліметтері бойынша, бүгінде Америка Құрама Штаттарында 1100-ге жуық REIT жұмыс істейді, олардың жалпы активтерінің құны 4 триллион доллардан асады. Олардың 225-і ірі биржаларда ашық саудаланады, нарықтық капитализациясы 1,3 триллион доллардан асады. NAREIT-тің жаһандық нарықты дамыту есебінде дүние жүзінде нарықтық капитализациясы 1,9 триллион долларды құрайтын 890-нан астам REIT бар екенін айтады. REIT инвестициялық моделі дүниежүзілік ЖІӨ-нің 83%-дан астам экономикасы бар елдер мен аймақтарды қамтитын бүкіл әлемге тарады.

Ал Қазақстанда алғашқы REIT – сауда нысандарына маманданған жылжымайтын мүлік инвестициялық қоры  REIT TSPG 2024 жылдың сәуірінде АХҚО тіркелді. Қорға ірі коммерциялық активтер – «Достық Плаза» сауда орталығы (Алматы) және кәсіпкер Серік Төлбасының «Shymkent Plaza» (Шымкент) кіреді. Қорды АХҚО-дағы басқарушы компания Provident Fiduciary басқарады.

Ұқсас материалдар