Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

IndiGo Алматыға рейстерін уақытша тоқтатты

IndiGo Алматыға рейстерін уақытша тоқтатты

Үндістандық IndiGo лоукостері Алматы, Тбилиси, Баку және Ташкент бағытындағы рейстерін уақытша тоқтатты.

Бұл туралы әуе компаниясы X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді. Тасымалдаушының хабарлауынша, мұндай шешім Иран төңірегіндегі жағдайдың ушығуына және аймақтағы әуе кеңістігінің өзгеруіне байланысты қабылданған. Қазір рейстер кестесі жолаушылар мен экипаж қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қайта қаралып жатыр.

Компания өкілдері жағдайдың тұрақты бақылауда екенін айтып, барлық жаңарту ресми арналар арқылы жарияланатынын жеткізді.

Әзірге рейстердің қашан қайта жанданатыны белгісіз.

Ұқсас материалдар