Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Инвесторларды тексеруге Бас прокуратураның келісімі қажет – Тоқаев

Инвесторларды тексеруге Бас прокуратураның келісімі қажет – Тоқаев

Мемлекеттік органдар биылдан бастап шетелдік инвесторларға қатысты тексеру, әкімшілік іс қозғау, талап арыз беру немесе қандай да бір шектеу қою үшін Бас прокуратураның алдын ала келісімін алуы тиіс. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында мәлімдеді.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру бағытындағы бастамаларға тоқталып, инвесторлармен ынтымақтастықтың басты салаларын атады. Атап айтқанда, тау-кен өнеркәсібі мен металлургия өңдеу секторындағы жетекші рөлін сақтап қалатынын жеткізді.

– Қазақстан жаһандық тау-кен және металлургия саласының маңызын түсіне отырып, шетелдік инвесторлар үшін ашық әрі тұрақты құқықтық алаң қалыптастырды. Соңғы реформалардың нәтижесінде елімізде Rio Tinto, Fortescue, Ivanhoe, First Quantum және Tech Resources сияқты ірі геологиялық барлау компаниялары жұмыс істей бастады. Сонымен қатар жаңа Салық кодексінде жер қойнауын пайдаланушылар үшін пайдалы қазбаларды ел ішінде терең өңдеуге ынталандыратын роялти жүйесі қарастырылып отыр, – деді Президент Тоқаев.

Ұқсас материалдар