Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қаржы министрлігі ҚҚС-тан босатылатын салаларды атады

Қаржы министрлігі ҚҚС-тан босатылатын салаларды атады

Бүгін елордада өткен жаңа Салық кодексін түсіндіруге арналған семинар барысында Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов қосылған құн салығына (ҚҚС) қатысты бірқатар өзгерістерді жария етті.

Оның айтуынша, ҚҚС мөлшерлемесі салық салынатын айналымға 16% болып белгіленеді.

ҚҚС-тан босатылатын нысандар:

Жаңа кодексте медицина саласы мен бірқатар әлеуметтік маңызы бар қызметтер ҚҚС-тан босатылады. Атап айтқанда:

  • 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап дәрілік және медициналық заттар мен қызметтерге ҚҚС 5% болады;

  • 2027 жылдан бастап бұл мөлшерлеме 10% деңгейінде белгіленеді;

  • Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және

  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясындағы қызметтер;

  • Орфандық (сирек) және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттар мен медициналық қызметтер;

  • Үкімет бекіткен арнайы тізбеге кіретін өнімдер.

«Бұл бағыттағы ҚҚС жеңілдіктері халықтың әлеуметтік қорғалуын және денсаулық сақтау саласының қолжетімділігін арттыруға бағытталған», – деді Нұржанов.

Тұрғын үйге қатысты өзгерістер:

  • 2026 жылдан бастап пәтерді сату немесе жалға беру ҚҚС-тан босатылмайды.

  • Құрылыс саласындағы кәсіпкерлердің айналымына келесі жылдан бастап ҚҚС салынады.

  • Алайда, 2026 жылдың 1 қаңтына дейін басталған құрылыс нысандары үшін салық жеңілдігі ғимарат толық өткізілгенге дейін сақталады.

Басқа салалардағы жеңілдіктер:
  • Ішкі туризм бойынша туроператорлардың қызметі ҚҚС-тан босатылады.

    • Қазіргі таңда бұл жеңілдік тек кіру туризміне қатысты болған.

  • Отандық кітаптар мен баспа қызметтері;

  • Археологиялық зерттеу жұмыстары ҚҚС-тан босатылады.

Қорытындылай келе, Жаңа Салық кодексі кәсіпкерлер мен азаматтар үшін салық жүйесін жетілдіруді, көлеңкелі экономиканы азайтуды және әлеуметтік салаларға қолдау көрсетуді көздейді.

Ұқсас материалдар