Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланып, елге жеткізілді. Бұл туралы Қазақстан Бас прокуратурасы хабарлады.
Тергеу мәліметінше, күдікті 2019-2021 жылдары ұйымдасқан топ құрамында Қазақстанның бірнеше өңірінде қаржы пирамидасын басқарған. Соның нәтижесінде азаматтардан 10 млрд теңгеден астам қаражат заңсыз тартылған.
Қылмысқа қатысы бар өзге тұлғалардың бірқатары бұрын сотталған. Ал негізгі күдікті бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған.
Ол 2026 жылдың ақпанында Грузия аумағында ұсталып, Қазақстанның сұрауы бойынша экстрадицияланды. Қазіргі уақытта тергеу изоляторына қамалды.
Күдіктіге тағылған айыптар бойынша мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.





