Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қаржы жүйесін жаңғырту: Банкирлер мен реттеушілер диалогы өтті

Қаржы жүйесін жаңғырту: Банкирлер мен реттеушілер диалогы өтті

Алматыда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық Банк басшылығы Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы және екінші деңгейлі банктердің жетекшілерімен кезекті кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар қаржы секторын дамытудағы өзекті мәселелерге назар аударды. Атап айтқанда, «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа заң жобасына қатысты нарық қатысушыларының ұсыныстары қаралды.

Сондай-ақ келесі тақырыптар талқыланды:

  • Тұтынушылық кредит берудің қарқыны;

  • Борыш жүктемесінің алдын алу шаралары;

  • Экономиканы несиелеуді ынталандыру жолдары.

Қатысушылар цифрлық қаржы активтерін енгізудің маңыздылығын атап өтіп, цифрлық теңгені қолдану тетіктеріне де егжей-тегжейлі тоқталды.

Бұдан бөлек, кездесуде:

  • Қаржы нарығындағы алаяқтықпен күрес;

  • Алаяқтық жолмен алынған қарыздарды сот және соттан тыс жолмен есептен шығару негіздері де кеңінен сөз болды.

Мұндай кездесулер қаржы секторының тұрақтылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды диалог алаңы ретінде бағаланып отыр.

Ұқсас материалдар