Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қашаған кен орнында салынып жатқан газ өңдеу зауытының құрылысы биыл аяқталатынын мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, зауыттың қуаты жылына 1 млрд текше метрді құрайды.
Сондай-ақ 2026 жылдың алғашқы үш айында елде 13,6 млрд текше метр газ өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 84,9%-ды көрсетеді. Жыл қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 62,7 млрд текше метрге жетеді деп болжанып отыр.
Тауарлық газ өндірісі 6,1 млрд текше метрді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 83,6%-ды көрсетті. Ал ішкі нарықтағы тұтыну көлемі керісінше өсіп, 8,8 млрд текше метрге жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 108,6%-ға жоғары.
Сонымен қатар сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 0,72 млн тоннаны құрап, 92,3%-ды көрсетті. Жылдық болжам – 3,1 млн тонна.
Министрдің мәліметінше, газ саласын дамыту және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Самұрық-Қазына қорымен бірлесіп, 2035 жылға дейін жаңа көмірсутек кен орындарын игеру жоспары жүзеге асырылып жатыр.
Осы жоспар аясында Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылысын биыл толық аяқтау көзделген.





