Ресми шара кезінде Мемлекет басшысының құрметіне зеңбіректен 21 рет оқ атылды. Мұнан соң Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Тәжікстанның мемлекеттік әнұрандары шырқалып, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Бұдан кейін мемлекеттер басшылары Ақ залға өтіп, шағын құрамда келіссөз жүргізді.
Сапар аясында шағын құрамда және екі ел үкіметтері делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер өтеді. Сондай-ақ екі елдің cаяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.
asiaplustj.info сайтының хабарлауынша сапар аясында тәжік-қазақ инвестфорумы өтіп, $900 млн көлеміндегі келісімшарттарға қол қойылды. Шарттар негізінен ауылшаруашылығы, цифрлық технологиялар, қаржы және өнеркәсіп бағытында.
Тәжікстан Республикасының статистика департаментінің мәліметі бойынша, 2023 жылы тәжік-қазақ тауар айналымының жалпы көлемі 1,1 миллиард доллардан асты, бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20,3 пайызға аз.
Екіжақты тауар айналымының 78%-ға жуығы Қазақстаннан Тәжікстанға жеткізіледі.
Ағымдағы жылдың жеті айында Қазақстан мен Тәжікстан өзара сауда-саттықты шамамен 777 долларға құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,8%-ға артық. Тәжікстанмен тауар айналымы құрылымындағы Қазақстан экспортының үлесі 81,5%-ға дейін өсті. Форумда тараптар екіждақты тауар айналымын $2 млрд.жеткізуге уәделесті.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Махмадтоир Зокирзодамен, Премьер-министр Кохир Расулзодамен кездеседі. Эмомали Рахмонмен бірге Қазақстанның Тәжікстандағы мәдениеті күндеріне арналған концертті тамашалайды, деп хабарлады тәжікстандық БАҚ.