Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«ҚазАгроҚаржы» айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару акциясын іске қосады

«ҚазАгроҚаржы» айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару акциясын іске қосады

ҚазАгроҚаржы АҚ қарыз алушылары үшін есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдарды 100% есептен шығару акциясын жариялады.

Шара 2026 жылғы 15 қаңтардан бастап 1 наурызды қоса алғандағы кезеңде өтеді. Компания Бәйтерек ұлттық басқарушы холдингінің тобына кіреді.

Акция аясында қаржы лизингі шарттары бойынша ақшалай міндеттемелерді уақытылы орындамағаны үшін есептелген тұрақсыздық айыбы толық көлемде есептен шығарылады. Шара барлық қарыз алушыларға қолданылады.

Айыппұлдарды есептен шығарудың негізгі шарты – қаржыландыру шарты бойынша негізгі борыш пен сыйақыны акция мерзімі аяқталғанға дейін толық өтеу. Бұл ретте берешекті акция кезеңі ішінде ішінара төлемдермен өтеуге мүмкіндік беріледі.

Сонымен қатар, міндеттемелері бойынша бұрын сот шешімдері шығарылған клиенттерге де акция қолданылады. Алайда бұл үшін қарыз алушы сот шешімінде көрсетілген берешек сомасын толық өтеуі тиіс (есептен шығарылатын өсімпұлды қоспағанда).

Акцияға қатысу үшін қарыз алушылар өзіне қызмет көрсететін «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалына өтінішпен жүгінуі қажет.

Ұқсас материалдар