Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Kazakh Invest» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы ауысты

«Kazakh Invest» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы ауысты

«Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқармасының жаңа төрағасы болып Сұлтанғали Кинжақұлов тағайындалды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Сұлтанғали Кинжақұлов 1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ол Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын, сондай-ақ Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінде бастаған.

2006-2016 жылдары Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы елшілігінде түрлі дипломатиялық лауазымдарда жұмыс істеген.

2016-2017 жылдары – Инвестициялар және даму министрінің инвестициялар жөніндегі арнайы кеңесшісі.
2017-2019 жылдары – «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының Қытай Халық Республикасындағы ресми өкілі болды.

2019-2023 жылдары ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің басқарма жетекшісі, әрі ҚХР-дағы Қазақстан елшілігінде сауда-экономикалық және инвестициялық мәселелер жөніндегі кеңесші қызметін атқарған.

2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Сыртқы істер министрлігіне қарасты Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары лауазымында қызмет еткен.

Сұлтанғали Кинжақұлов ағылшын және қытай тілдерін еркін меңгерген.

Ұқсас материалдар