Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан мен БАӘ арасында 5 млрд доллардың келісіміне қол қойылады

  Қазақстан мен БАӘ арасында 5 млрд доллардың келісіміне қол қойылады

Қазақстан мен БАӘ арасында 5 млрд доллардың келісімін қол қойылады. Бұл туралы Ақордада Абу-Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаянмпен кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

– Әрине, сіз біз үшін өте мәртебелі меймансыз. Бұл кездесу стратегиялық салалардағы одан ары ынтымақтастығымыз үшін жаңа серпін беру тұрғысында аса маңызды саналады. Қаңтарда Әбу-Дабидегі алғашқы кездесуіміз жадымда сақталып қалды. Сіздің сапарыңыз өте маңызды іс-шара екенін тағы да атап өткім келеді. Сапарыңыз аясында, осынау меже аясында шамамен 5 млрд долларды құрайтын 20-дан астам келісімге қол қойғымыз келеді. Олар - экономикамызды дамытуға бағытталған түрлі жобалар. Аталған жобаларды толықтай жүзеге асыру ынтымақтастығымызды қарқынды ілгерілетуге мүмкіндік беріп, елдеріміз үшін ең жақсы мүддеде қызмет ететіндігіне сенімдімін, – деді Президент.

Мемлекет басшысы БАӘ Қазақстандағы ең үздік 10 шетелдік инвесторлардың қатарына кіретінін атап өтті. Өткен жылы БАӘ-дан Қазақстанға келген шетелдік инвестиция көлемі 100 пайызға артқанына назар аудартты.

«Әрине, бұл үлкен көрсеткіш – шамамен 1 млрд доллар. Бұл өте жақсы нәтиже деп ойлаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысы аталған прогресс пен тұрақты даму БАӘ президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның қолдауының арқасында орын алғанын баса айтты.

Ұқсас материалдар