Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан мен Ислам даму банкі жаңа инвестициялық келісімге келді

Қазақстан мен Ислам даму банкі жаңа инвестициялық келісімге келді

Ислам даму банкі Қазақстандағы арнайы экономикалық аймақтардың инфрақұрылымын дамытуға 1,3 млрд доллар бөлуге дайын.

Бұл мәселе Джидда қаласында өткен кездесуде талқыланды. Келіссөздерге Ерсайын Нағаспаев пен банк президенті Мұхаммед Сулейман әл-Джассер қатысты. Тараптар өнеркәсіптік инфрақұрылымды жаңғырту, инженерлік желілерді дамыту және экономиканың басым секторларына инвестиция тарту бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады.

Кездесу қорытындысында банк пен Өнеркәсіпті дамыту қоры арасында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың инфрақұрылысын салу мен жаңғыртуға 1,3 млрд доллар тарту жөніндегі негіздемелік келісімге қол қойылды. Сонымен қатар, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне 1,3 млн доллар көлемінде техникалық көмек көрсету туралы грант келісімі жасалды.

Министрдің айтуынша, бұл құжаттар өңірлік инфрақұрылымды жаңартуға берік қаржылық негіз қалыптастырып, Қазақстан мен Ислам даму банкі арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтады. Гранттық қолдау арнайы экономикалық аймақтарды басқаруды жетілдіруге, цифрландыруды дамытуға және басқарушы компаниялардың кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталады.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы экономикалық аймақтарды дамытудың жаңа моделін әзірлеуді тапсырып, олардың инвестиция тартудағы әлеуетін толық пайдаланудың маңызын атап өткен еді.

Ұқсас материалдар